2026 жылдан бастап ЖТС бойынша прогрессивті шкала енгізіледі
2026 жылдан бастап Қазақстанда жеке табыс салығының (ЖТС) жаңа мөлшерлемелері енгізіледі. Бұл өзгерістер жылдық табысы 8 500 АЕК-тен асатын қызметкерлерге қатысты болады.
ЖТС мөлшерлемелері
- Жалақы 8 500 АЕК-ке дейін: ЖТС мөлшерлемесі 10%
- Жалақы 8 500 АЕК-тен жоғары: ЖТС мөлшерлемесі 15%
Жаңа мөлшерлемелер жалақы деңгейіне қарай сараланып белгіленеді. Яғни, егер қызметкердің табысы 8 500 АЕК-ке дейін болса, онда ЖТС 10% мөлшерінде ұсталады. Ал егер табыс осы сомадан асса, онда 15% мөлшерлеме қолданылады.
Заңнамалық негіз
ЖТС бойынша сараланған мөлшерлемелерді енгізу тапсырмасын Қазақстан халқына Жолдауында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Салық кодексі аясында берген болатын. Бұл норма жаңа ҚР Салық кодексінің 363-бабында көзделген.