Дивидендтер бойынша ЖТС: жаңа салық мөлшерлемелері
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес дивидендтер 30 000 АЕК-ке дейін (2025 жылы шамамен 100 млн теңгеге дейін) 0% мөлшерлеме бойынша салық салынады. Ал осы сомадан асқан жағдайда, салық мөлшерлемесі 10% құрайды.
Жаңа Салық кодексі аясында дивидендтерге прогрессивті салық салу шкаласы енгізілетін болады.
2026 жылдан бастап ЖТС мөлшерлемелері
2026 жылдан бастап дивидендтер бойынша ЖТС келесі мөлшерлемелермен есептеледі:
- Дивиденд түріндегі табыстар 230 000 АЕК-ке дейін – 5%;
- 230 000 АЕК мөлшеріндегі салық салынатын табыстан есептелген салық сомасы + асып кеткен сомадан 15%.