Бөлшек салығы – Қазақстандағы арнайы салық режимі, экономикалық қиындықтар кезінде бизнесті қолдауға бағытталған. Бұл режим кәсіпкерлерге салық жүктемесін төмендетуге мүмкіндік береді, осылайша бизнестің тұрақтануы мен дамуына жағдай жасайды.
2025 жылы бөлшек салығы көптеген қызмет түрлеріне қолжетімді. Алайда 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енген соң, бұл арнайы режим толықтай жойылады. Кәсіпкерлер не істеуі керек және бөлшек салығының орнына қандай режим ұсынылады – төменде айтып өтеміз.
2026 жылдан бастап бөлшек салықтың орнына қандай арнайы салық режимі қолданылады? 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап бөлшек салығы және басқа да арнайы режимдер күшін жояды. Жаңа Салық кодексінде тек 3 арнайы салық режимі қалады:
- Жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимі;
- Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы режим;
- Шаруа және фермер қожалықтарына арналған арнайы режим.
Бұл 2025 жылы бөлшек салығын қолданатын салық төлеушілер міндетті түрде ОУР-ға өтуі керек дегенді білдірмейді. Олар бөлшек салығының орнына "жеңілдетілген" режимге өте алады.
2026 жылдан бастап қолданылатын «жаңа» жеңілдетілген режим көп жағынан қазіргі бөлшек салығына ұқсайды. Кейбір шарттары тіпті салық төлеушілер үшін тиімдірек.
«Жаңа» жеңілдетілген режимнің артықшылықтары
1. Территориялық шектеудің алып тасталуыЖаңа Салық кодексінің 723-бабы бойынша жеңілдетілген режимді әртүрлі елді мекендерде қызметті жүзеге асырған жағдайда да қолдануға болады. 2025 жылы мұндай мүмкіндік тек өз жылжымайтын мүлкін жалға бергендерге ғана рұқсат етілген.
2. Рұқсат етілген қызмет түрлерінің орнына – тыйым салынған қызметтер тізіміЯғни тізімге кірмегендердің барлығы жеңілдетілген режимді қолдана алады. Бұл тізім 2025 жылы жеңілдетілген режимге тыйым салынған қызметтермен шамалас.
Сәйкесінше, 2025 жылы жеңілдетілген режим немесе бөлшек салығын қолданатын кәсіпкерлердің басым бөлігі 2026 жылы да «жаңа» жеңілдетілген режимді қолдана алады.
2026 жылдан бастап «жаңа» жеңілдетілген режим несімен тиімді?
Жаңа режимді қолдану – салық төлеушінің еркі. Бірақ шешім экономикалық тұрғыдан есептелуі тиіс.
- Негізгі артықшылығы – бірыңғай төмен мөлшерлеме2026 жылы ИПН/КПН ставкасы 4% (726-бап).
- Бұрынғыдай:
- 3–10% ИПН,
- немесе 10–20% КПН,
- 12% НДС – төленбейді.
- Оның орнына тек 4% (2–6%) мөлшерлеме қолданылады.
Өңірлерге 50% шегінде көтеру/төмендету құқығы берілдіСәйкесінше, ставка өңірге қарай 2% немесе 6% болуы мүмкін. Льготалардың бар-жоғын жергілікті әкімдіктің сайтынан нақтылау қажет.
Жаңа режимде НДС төленбейдіЕгер салық төлеуші 2025 жылы НДС тіркеуінде болса да, жеңілдетілген режимге өткен соң НДС төлеуші бола алмайды. (99-баптың 3-тармағы 4-тармақшасы және 100-бап.)Маңызды: Импорт бойынша НДС төлеу міндеті сақталады.
«Жаңа» жеңілдетілген режимге қалай өтеді?
Егер 2025 жылы бөлшек салығын қолдансаңыз:01.03.2026 жылға дейін қолданатын салық режимі туралы хабарлама тапсыру жеткілікті. НДС тіркеуі жоқ болғандықтан, қосымша әрекет қажет емес.
Егер 2025 жылы жеңілдетілген режим немесе ОУР + НДС қолдансаңыз:
- 2025 жылдың 4-тоқсанындағы 300.00 нысанын «жою» белгісімен тапсыру;
- НДС тіркеуінен шығу;
- Жаңа жеңілдетілген режимге өту туралы хабарлама беру.
Мұның бәрі 01.03.2026 ж. дейін орындалуы тиіс. Автоматты көшу жоқ! 2025 жылы қандай арнайы режим қолдансаңыз да, жеңілдетілген режимге көшу үшін хабарлама бермесеңіз – сізді автоматты түрде ОУР-ға ауыстырады.
2026 жылы қандай есептілік тапсырылады?
Налогтық кезең — жарты жыл.
- 910.00 декларациясы — жартыжылдық аяқталған соң екінші айдың 15-іне дейін.
- Салықты төлеу — 25-іне дейін.
Мысалы:1-тоқсандық кезең: 15.08.2026 ж. дейін есептілік, 25.08.2026 ж. дейін төлем.