ЭСФ жазу міндеттемелері
ҚР СК 412-бабына сәйкес, ЭСФ-ны ҚҚС төлеушілер де, төлемеушілер де жазып беруге міндетті. Алайда, ҚР СК 412-бабының 13-тармағында ЭСФ жазу талап етілмейтін жағдайлар көзделген:
- тауарларды өткізу кезінде, егер тауардың сатып алушысы оны жеке, отбасылық, тұрмыстық немесе өзге де кәсіпкерлік қызметке байланысты емес мақсатта пайдаланатын жеке тұлға болса (яғни, соңғы тұтынушы);
- ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес микро кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;
- жеке тұлғаларға тауарлар, жұмыстар, қызметтер өткізу кезінде төлем қолма-қол ақшамен, терминалдар арқылы электрондық ақшамен немесе электрондық төлеммен және т.б. жүзеге асырылған жағдайда.
Жеңілдетілген режимдегі ЖШС үшін ЭСФ жазу
Осылайша, егер жеңілдетілген режимдегі ЖШС жеке тұлғаға ЭАЖА жасаса және келісімшарт бойынша мәміле сомасы 1 000 АЕК-тен аспаса, ЭСФ жасамауға болады. Ал егер ҚР СК 412-бабының 13-тармағында көзделген шарттар сақталмаса, ЭСФ жазу қажет.
ЭСФ жазу тәртібін бұзу салдары
ЭСФ жазу тәртібін бұзғаны, сондай-ақ жазу мерзімдерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК 280-1-бабының 3 және 4-тармақтарына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Егер бұзушылық жыл ішінде алғаш рет орын алса, ЖШС-ға ескерту беріледі. ЭСФ жазу мерзімін қайталап бұзу немесе оны жазбау мынадай айыппұлдарға әкеледі:
- шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 20 АЕК;
- орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 50 АЕК;
- ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 100 АЕК.
ЭСФ жазу мерзімі
ЭСФ-ны «артқы күнмен» салдарсыз жазу мүмкін емес – бұл мерзімді бұзып жазу болып саналады. Ерекше жағдай ҚР СК 412-бабының 14-тармағында көзделген, мұнда сатып алушы жеткізушіге өзі 180 күн ішінде ЭСФ жазуды сұрап жүгінеді және жеткізуші бұл талапты орындауға міндетті. Бірақ мұндай өтініш тек ҚР СК 412-бабы 13-тармағының 1-бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында, сондай-ақ 3-бөлігінде көзделген жағдайларда ғана мүмкін.