Миланда конькимен жүгіруден жасөпірімдер арасындағы әлем Кубогының кезеңі қызу жүріп жатыр. Біздің спортшымыз Кристина Шумекова 1000 және 3000 метрлік қашықтықта жарысқа қатысып, екі алтын медальды жеңіп алды.
1000 метрлік жарыста Кристина ешкімге жол бермеді. Ол 1:17.485 секундтық нәтижемен алтын медальды иеленді. Жапониялық Аяно Секигучи күміс, ал Польша өкілі Ханна Мазур қола медальға ие болды.
3000 метрлік жарыс
3000 метрлік қашықтықта Кристина тағы да жеңіске жетті. Оның уақыты 4:13.08 секунд болды. Бұл сында Нидерланды спортшысы Лике Хейзинк екінші, ал қытайлық Цзяминь Цзян үшінші орынға шықты.
Сонымен қатар, тағы бір қазақстандық спортшы Анастасия Беловодова 1000 метрде 6-орынды алды. Осылайша, Кристина Шумекова Қазақстанның спорт тарихына жаңа жеңіс беттерін жазып отыр.
