Семей қаласы дзюдодан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатына қабылдаған. Бүгін "Абай-Арена" спорт кешенінде салтанатты ашылу рәсімі өтті. Абай облысының әкімі Берік Уәли мен Қазақстан дзюдо федерациясының Бас хатшысы Тимур Болат сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.
Шараға құрметті қонақ ретінде дзюдодан Қазақстанның тұңғыш Олимпиада чемпионы Елдос Сметов қатысты. Ол да спортшыларға жақсы нәтижелер тіледі. Бүгінгі жарыс бағдарламасында әйелдер -48, -52 кг, ерлер -60 және -66 кг салмақ дәрежелері бойынша белдесулер өтеді.
Тікелей эфир
Белдесулер Qazsport телеарнасында және Kazakhstan Judo Team YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетілуде. Спортшылардың бәсекесі жанкүйерлер үшін қызықты сәттерге толы болмақ. Чемпионаттың тартысты өтетіні күтілуде.

